КГУ «Отдел образования Тайыншинского района» КГУ «Мироновская средняя школа»

Новости
Республика күніне арналған аудандық «Батыр» атты әскери-патриоттық жарыс мектебімізде жоғары деңгейде өтті!
Бүгінгі күн – тек жарыс емес, нағыз отансүйгіштік рухты оятқан, жастардың жүрегіне елге деген махаббатты тереңірек сіңірген ерекше сәттердің бірі болды.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған бұл іс-шарада оқушыларымыз өздерінің:
әскери дайындықтарын,
тәртіп пен жауапкершілікке деген көзқарасын,
командада жұмыс істеу дағдысын, жан-жақты көрсете білді.
Жарыс барысында жас сарбаздар әскери жаттығулар және түрлі спорттық кезеңдерден сүрінбей өтті. Әр қатысушының бойынан мақтаныш, намыс пен рухтың отын байқауға болатын еді.
Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, Алғашқы әскери және технологиялық дайндық жетекшілері алғыс хаттармен және «Жастармен патриоттық жұмыс үшін» медалімен марапатталды. Бұл жарыс оқушыларға тек жарыс емес, өмірлік тәжірибе мен жігер сыйлағаны сөзсіз.
Республика күні – тек мереке емес, ел болашағын тәрбиелейтін маңызды күн! Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы біз жас ұрпақты Отанды сүюге, қорғай білуге және елдің дамуына үлес қосуға баулимыз.
Жалпы қортынды бойынша жеңімпаздар:
І орын- «Мироновка ОМ» КММ
ІІ орын- «№ 5 Орта мектебі» КММ
ІІІ орын- «№ 3 Орта мектебі» КММ
Поделиться с друзьями
КГУ «Отдел образования Тайыншинского района» КГУ «Мироновская средняя школа»